Ұлыбританияда заңсыз мигранттар көбейді

Биыл Ұлыбританияға Ла-Манш бұғазы арқылы қайықпен 40 мыңнан астам мигрант заңсыз өткен. Бұл туралы осы елдің Ішкі істер министрлігі хабарлады. 

Әдетте қыс мезгілінде босқындар легі бәсеңдейтін. Алайда осы айда рекордтық көрсеткіш тіркелді. Бір күнде 800-ден астам адам шекарадан өткен. Ресми деректерге сүйенсек, кейінгі жылы Тұманды Альбионға заңсыз кірген мигранттардың басым бөлігі Иран, Ауғанстан, Ирак, Албания және Сирия азаматтары. Олар көбіне Ла-Манш бұғазын қайықпен кесіп өтетіндіктен, ресми Лондон Парижге өткелді бақылауды күшейтуді ұсынып отыр.