Венесуэлаға әуе рейстері тоқтады
Латын Америкасындағы бірнеше елдің әуежайында Венесуэлаға әуе рейстері тоқтатылды. АҚШ тарапынан қысым күшейгелі бері, жағдай ушығып, елге тікелей әуе бағыттары жабылған.
Салдарынан шетелде тұратын венесуэлалықтар үйлеріне қайта алмай қиналуда. Бразилия мен Венесуэла арасындағы ұшақтар кейінге шегерілген. Осы себепті жолаушылар Куба мен Барбадос арқылы оралуға мәжбүр. Алайда бұл бағыттағы ұшақтар аптасына бір-ақ рет қатынап, халық әбігерге түсіп жатыр.