Суданда 14 млн адам көмекке мұқтаж

Судан тарихтағы ең ауыр гумантиарлық дағдарысты бастан кешіп жатыр.

Елде екі жылдан бері жалғасқан қарулы қақтығыстан миллиондаған адам босқынға айналған. Азық-түлік, ауызсу және медициналық көмек жетіспейді. 2025 жылғы деректерге сүйенсек, үйлерін тастап, бас сауғалаған тұрғындардың саны 14 млн-нан асқан. Аштықтан әсіресе балалар мен қарттар зардап шегуде. Әскери қимылдардан елге гуманитарлық көмек жеткізу қиын болып отыр. Халықаралық ұйымдар ахуалды тұрақтандыру үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет дейді.