АҚШ Нигерияға оқ жаудырды

Сыртқы берешектің артқанына қарамастан АҚШ-тың  қарулы күштері Нигерияға оқ жаудырды.

Бұл туралы Дональд Трамп Truth Social желісінде мәлімдеді. Ақ үй басшысының  хабарлауынша, АҚШ әскері елдің солтүстік батысындағы ДАИШ лаңкестерін нысанаға алған. Мұндай әрекетке террорлық ұйымның Нигериядағы христиандарды «жаппай өлтіруі» себеп болыпты. Трамп әскери соққының қалай жасалғаны жөнінде ашып айтпады. Десе де осыған дейін ескерту жасағанын  және аяусыз жауап беретінін жазған. Ал Пентагон басшысы Пит Хэгсет өз парақшасында миссияға көмектескені үшін Нигерия үкіметіне алғыс білдірді. Вашингтон осыған дейін  Нигерияны елдегі христиандарды қорғауда салғырттық танытты деп айыптаған болатын .