АҚШ-та халықаралық валюта қорында «Қазақстан күні» өтті
Халықаралық валюта қорының Вашингтондағы бас штабында «Қазақстан күні» аталып өтті.
АҚШ-тағы елшілік мұрындық болған іс-шара еліміздің халықаралық қаржы институттарымен серіктестікті нығайту және мәдени мұраларды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған. Оған аталған қор қызметкерлері, Дүниежүзілік банк сарапшылары және диаспора өкілдері қатысты. Ұйымның атқарушы директоры Патрик Лошевски Қазақстанның қор қызметіне қосқан үлесін жоғары бағалап, алдағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарына тоқталды. Іс-шараның қорытынды бөлімінде, дәстүрлі қазақ дастарханы жайылып, күй күмбірлеп, АҚШ-тағы «Гүлдер» би ансамблі өнер көрсетті.