Индонезияда өрттен 16 адам қаза тапты

Индонезияның солтүстігінде қарттар үйі өртеніп, 16 адам опат болды. Тағы 15 адам жарақат алды. 

Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғындар өздігінен сыртқа шыға алмай, ғимарат ішінде қалып қойған. Жараланғандар ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары басталды. Полиция қаза болғандарды анықтау үшін олардың жақындарынан ДНҚ үлгілерін алады.