ДАИШ нысандарына соққы жасалды  

Сирияда ДАИШ лаңкестік ұйымының нысандарына жойқын соққы жасалды. Ірі әскери операцияны Ұлыбритания мен Франция әуе күштері жүргізген. 

Екі елдің жойғыш ұшақтары, Пальмир қаласының маңында жерасты қару-жарақ қоймасын нысанаға алды. Корольдік Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, бейбіт тұрғындар арасында адам өлімі жоқ. БҰҰ-ның кейінгі дерегіне сай, ДАИШ лаңкестік ұйымының 7 мыңдай мүшесі қазір Сирия мен Иракта жасырынып жүр. Өткен жылы қарашада терроршыларға қарсы құрылған халықаралық коалицияға Сирияның жаңа президенті Ахмед аш-Шараа да қосылған болатын.