Газа секторындағы ауруханаға соққы жасалды
Израильдің Газа секторына жасаған шабуылынан қаза тапқандар саны 7 адамға жетті, деп хабарлайды 24KZ.
Бұған дейін Хан-Жүніс қаласындағы Нассер ауруханасына соққы жасалған еді. Ғимаратта болған дәрігерлер мен науқастар көз жұмды. 30-ға тарта адам жараланды. Куәгерлердің айтуынша, ауруханаға шабуыл жасалатыны туралы алдын ала ескертілмеген. Эвакуация туралы бұйрық та келмеді. Израиль әскері ауруханаға соққы жасағанын мойындады. «Бірақ бейбіт тұрғындарды нысанаға алмадық», - дейді. Емдеу мекемесінде ХАМАС көшбасшылары мен мүшелері болғанын алға тартты.