Мадуро Нью-Йорктегі сотқа жеткізілді
Николас Мадуро мен оның зайыбы Силия Флорес Нью-Йорктегі Федералдық сотқа әкелінді.
Оларды тергеу изоляторынан тікұшақпен тасымалдап, сот ғимаратына арнайы күзетпен жеткізді. Мадуро төрт бап бойынша айыпталып отыр. Олардың қатарында есірткі саудасымен байланысты қылмыстар бар. Ал Силия Флореске үш бап бойынша айып тағылды. Құжатта есірткі тасымалы және қаруды заңсыз сақтау деректері көрсетілген. Соттың алғашқы тыңдауы Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де басталуы тиіс.