Жапонияда жер сілкінді

Жапонияда жер сілкінді. Рейтер агенттігінің дерегі бойынша, дүмпудің қуаты 6,2 балға жеткен. Зілзала ошағы Симанэ префектурасының шығысында 10 шақырым тереңдікте тіркелген.

Цунами қаупі жоқ. Десе де аймақта пойыз қатынасы уақытша тоқтатылды. Елдің солтүстік-батысында орналасқан атом электр стансасы шұғыл тексерістен өткізілді. Қазір кешен қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Қираған инфрақұрылым немесе зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.