Әлемде алтын мен күміс қымбаттады
Әлемдік қаржы нарығында алтын мен күміс күрт қымбаттады. Сарапшылар мұны геосаяси шиеленістің күшеюімен және инвесторлардың қауіпсіз активтерге көшуімен байланыстырады.
Reuters агенттігінің мәліметінше, алтынның бір унциясы 4451,5 долларға жеткен. Бұл алдыңғы сауда сессиясымен салыстырғанда 2,82 пайызға жоғары көрсеткіш. Ал күміс бағасы 7,94 пайызға көтеріліп, унциясы 76,657 долларға жетті. Мамандар бағалы металдар инвестиция салудың ең тиімді жолы болып қала беретінін айтады.