Гамбия жағалауында қайық аударылып, 31 адам суға кетті

Гамбия жағалауында мигранттар мінген қайық аударылып, кемінде 31 адам ажал құшты.

Елдің көші-қон қызметі таратқан мәліметке қарағанда 200 адам отырған қайық, Канар аралдарына жетпек болған. Мигранттар Солтүстік жағалау округінен шыққан соң көп ұзамай су астындағы кедергілерге соғылып, аударылып кеткен. Қайықтағы адамдардың көбі Африканың батыс елдерінен шыққан. Құтқарушылар іздестіру операциясын жалғастырып жатыр. Оған жергілікті әскерилер мен балықшылар тартылды.