Д. Трамп әскери бюджетті $1,5 трлн дейін ұлғайтпақ

АҚШ әскери бюджетті ұлғайтуды көздеп отыр. Салаға бөлінетін қаржы 1,5 трлн долларға дейін өсуі мүмкін.

Бұл бұған дейінгі қорғаныс шығынынан 50 пайызға көп. Құрама Штаттардың биылғы әскери бюджеті - 901 млрд доллар. Бұған Президенттің өзі бастамашы болып отыр. Дональд Трамп әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында мұны тарифтердің нәтижесінде жиналған қаражаттың есебінен жүзеге асыруға болатынын айтқан. Ақ үй басшысы кез келген жауға тойтарыс бере алатын әлемдегі ең қуатты армия құруға ниетті екенін жеткізді.