Албанияда 800 үйді су басты

Албанияның оңтүстік-батысында толассыз жауған жаңбырдан 800 тұрғын үйді су басты. Топан судан 1 адам опат болды. 

Ахуал әсіресе ауылды аймақтарда қиын. Апат жайлаған аймақтан 200 адам көшірілді. Жолдар жабық. Темір жол қатынасы тоқтап тұр. Құтқару және қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. 

Ал Түркияның солтүстік-батысында дүлей дауыл соқты. Жағдай Коджаэли процивинциясында күрделі. Желдің жылдамдығы сағатына 90 шақырымға дейін жеткен. Үйдің шатырлары жұлынып, ағаштар тамырымен қопарылды. Аймақта уақытша кеме қозғалысы тоқтатылды. Синоптиктер алдағы күндері Түркияның 60-тан аса провинциясында күн райы бұзылады деп болжап отыр.