Венесуэла саяси тұтқындарды босата бастады

Венесуэлада саяси тұтқындарды босата бастады.

Бұл туралы ел билігі мен құқық қорғау ұйымдары хабарлады. Бостандыққа шыққандардың қатарында оппозиция өкілдері, қоғам белсенділері және журналистер бар. Шешім Каракаста Николас Мадуро ұсталғаннан кейін қабылданды. Құқық қорғаушылардың айтуынша, ел түрмелерінде әлі де жүздеген саяси тұтқын бар. Қазір олардың тек аз бөлігі ғана босатылды. Испанияның сыртқы істер министрлігі өз елінің бес азаматының босатылғанын растады. Олардың ішінде белгілі құқық қорғаушы Росио Сан Мигель бар. Ол 2024 жылдың ақпанында Каракас маңындағы әуежайда ұсталған. Билік оған мемлекетке опасыздық жасады деген айып таққан.