АҚШ Сирияға оқ жаудырды
АҚШ Сирияға оқ жаудырды. Бұл туралы Американың Орталық әскери құрылымы Х желісінде мәлімдеді.
Шабуыл кезінде Сириядағы Ирак және Левант қозғалысының содырлары нысанаға алынды. «Қырағы көз» деп аталған операция Дональд Трамптың тапсырмасымен ұйымдастырылды. CNN арнасының мәліметіне қарағанда, 35-тен астам нысанға соққы беру үшін 20-дан аса ұшақ жұмылдырылды. Естеріңізде болса, 13 желтоқсанда Сирияның Пальмира қаласында болған лаңкестік салдарынан АҚШ Ұлттық гвардиясының екі сарбазы мен аудармашысы опат болған еді.