Газада суықтан 21 адам қаза тапты

Газа секторында суықтан 21 адам көз жұмды.

Оның 18-і балалар. Бұл туралы Газаның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Қатты суықтан тіпті бірнеше сәби шетінеп кеткен. Баспанадан айырылған жүздеген мың адам қазір жұқа шатырларды паналап отыр. Өңірде дәрі-дәрмек, жылы киім мен отын тапшы. Мамандар осы қыста адам шығыны көп болуы мүмкін деп болжайды.