Венесуэлада 400-ден астам тұтқын босатылды

Венесуэлада 400-ден астам тұтқын босатылды. Бұл туралы парламент спикері Хорхе Родригес мәлімдеді.

Бірақ саясаткер сөзінде оларды «саяси тұтқын» деп сипаттаған жоқ. Ал елдегі үкіметтік емес ұйым өкілдері «Түрмелерде 800 саяси тұтқын бар, оларды босату ісі өте баяу жүріп жатыр» деп айыптайды. Қамалғандардың көбі Николас Мадуро ел басқарған кезде бостандығынан айырылғандар. Ресми билік «Біздің елде саяси тұтқын жоқ» деген ұстанымда. «Рейтердің» хабарлауынша, оппозиция серкесі Мария Корина Мачадо ертең АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуі мүмкін.