Газада бейбіт жоспардың екінші кезеңі басталады
Газа секторында қақтығысты тоқтатуға бағытталған бейбіт жоспардың екінші кезеңі іске асырыла бастайды. Бұл туралы АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф мәлімдеді.
Дональд Трамп ұсынған 20 тармақтан тұратын жоспардың екінші кезеңі Газада өтпелі әкімшілік құру мен ХАМАС-тың қарусыздануын қамтиды. Яғни Газа секторын басқару жөніндегі Ұлттық комитет құрылады. ХАМАС пен Израиль арасындағы бітім Мысыр, Түркия, Қатардың арағайындығымен былтыр қазан айында орнаған. Алайда содан бері тараптар бірін-бірі бейбіт келісімді бұзды деп айыптап келеді.