Әлемде оқу оқымаған жастар көбейді
Әлемде оқу да оқымаған, жұмыс та істемеген жастар көбейіп барады. Былтыр дүние жүзінде 257 млн адам, яғни әр бесінші жас осындай топтың қатарынан табылған.
Бұл Біріккен ұлттар ұйымының келтірген дерегі. Мұндай үрдістің белең алуы, әсіресе, 2023 жылдан бері ерекше байқалады. «Көрсеткіш 2027 жылға дейін өсе береді» - дейді сарапшылар. Білім алып, еңбек ету мүмкіндігінен айырылған жандардың басым бөлігі табысы төмен мемлекеттерде тіркелген.