Иран әуе кеңістігін қайта ашты
Иран әуе кеңістігін қайта ашты. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады.
Мемлекет АҚШ тарапынан әскери соққылар жасалуы мүмкін деп қауіптеніп, бірнеше сағатқа ұшуға шектеу енгізген еді. Ұшақтардың бағытын қадағалайтын Флайтрадар24 қосымшасы халықаралық және ішкі рейстердің қайта іске қосылғанын тіркеді. Бұған дейін бірқатар әлемдік әуе компаниялары, оның ішінде қазақстандық Air Astana қауіпсіздік мақсатында бағыттарын өзгертіп, Иранды айналып ұшатынын хабарлады. Компаниялар жолаушыларға рейстердің уақытын алдын ала тексеру қажеттігі туралы ескертті.