Хуситтер Сауд Арабиясындағы ірі мұнай зауытын атқылады
Хуситтер Сауд Арабиясындағы ірі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасады.
Корольдіктің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері төрт ұшқышсыз ұшу аппаратын жойған. Алайда зауытқа соққы жасалғаны туралы түсініктеме берген жоқ. Ал хуситтер жағдайды растады. Айта кетейік, Рас-Танура кешені әлемдегі ең ірі шикі мұнай экспорттайтын терминалдардың маңында орналасқан. Тәулігіне 550 мың баррель шикізат өңдейді. Бұған дейін де хуситтермен қақтығыс кезінде және Ирандағы соғыс барасында шабуылдарға ұшыраған. Саудияның негізгі мұнай экспорттау терминалы болған. Алайда аймақтағы жағдай ушыққанан кейін Янбу портының стратегиялық маңызы артты. Бұл портқа мұнай "Шығыс-Батыс" құбыры арқылы жеткізіледі.