Пәкістан стейблкойн енгізуге ниетті
Пәкістан Дональд Трамп және оның ұлдары ойлап тапқан стейблкоин жобасын енгізуге ниетті.
Ел билігі халықаралық төлемдер үшін қолдануды зерттеу мақсатында "Ворлд Либерти Файнэншл" ((World Liberty Financial)) еншілес компаниясымен ынтымақтастық орнататынын мәлімдеді. "Бұл жаңа цифрлық төлемдер аясындағы өзара түсіністікті арттырып, диалогты реттеуге көмектеседі" дейді мамандар. "Ворлд Либерти Файнэншл" компаниясының негізін Дональд Трамп пен ұлдары қалаған. Бұл бірлестік "ЮЭСДИ 1" ((USD1)) деп аталатын стейблкоин жобасын басқарады. Бір жыл ішінде компанияның акциялары өсіп, криптовалюта нарығында 32-орынға көтерілді.