Ауруды ерте анықтайтын «ақылды таразылар» сатылымға шығарылады

Биыл ауруды ерте анықтайтын ақылды таразылар сатылымға шығады.

Құны 600 долларлық таразылар 60-тан астам созылмалы ауруды ерте анықтауға қабілетті. Жасанды интеллект арқылы жұмыс істейді. Жыл басында АҚШ-та өткен CES көрмесінде таныстырылған құрылғы шамамен 90 секунд ішінде кешенді бағалау жүргізе алады. Таразыда жүрек жұмысының тиімділігін, электркардиограмма жазбасын, артериялардың қаттылығын анықтау үшін 6 арналы жүйе сияқты технологиялар пайдаланылады. Гипертония қаупін бағалау үшін жасанды интеллектінің патенттелген моделі қолданылады.