ДДСҰ: Тәтті сусындарға салықты арттыру қажет
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары алкогольді және құрамында қанты бар сусындарға салықты өсіру керек дейді.
Аталаған өнімдер арзан әрі қолжетімді. Ал мұның арты семіздік, диабет, жүрек-қан тамырлары және онкологиялық ауруларға әкеп соғады. Әлемнің 116 елінде газдалған тәтті сусындарға салық салынады. Бірақ оның көлемі орташа есеппен тауар құнының 2 пайызына да жетпейді.