АҚШ Украинада бейбітшілік орнатуды ұсынды

АҚШ Украина бойынша Бейбітшілік кеңесін құруды ұсынды.

Бұл туралы "Файнэншл Таймс" басылымы хабарлаған. Құрылымға Украина, Ресей, Еуропа мен НАТО-дан өкілдер кіруі мүмкін. Жаңа орган бейбіт келісімнің іске асырылу барысын бақыламақ. АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Бейбітшілік кеңесін Біріккен Ұлттар Ұйымына балама және Венесуэладағы сияқты қақтығыстарды реттеудің бейресми тетігі ретінде қарастырады. Бұл бастама 20 қаңтарда Давостағы Дүниежүзілік экономика форумында ұсынылуы мүмкін.