ЕО мен МЕРКОСУР сауда келісіміне келді
Еуроодақ пен МЕРКОСУР елдері еркін сауда келісіміне қол қойды. Бұл құжат үшін келіссөздер 25 жылға созылды.
Ол шамамен 700 млн халықты қамтитын Еркін сауда аймағын құруға жол ашады. Келісім аясында өнеркәсіп, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы салаларындағы тарифтердің 90 пайызы кезең-кезеңімен жойылады. Еурокомиссияның бағалауы бойынша, еуропалық компаниялар енді 4 млрд еуро экспорттық баж салығынан босатылады. Құжат Еуропарламент пен МЕРКОСУР елдерінің заң шығарушы органдары бекіткен соң күшіне енеді. Дегенмен Франция бастаған бірқатар ел келісім еуропалық шаруларға кері әсер ете ме деп қауіптенеді.