ЕО елдері 7 жылға арналған бюджетті бекіте алмады

Еуропалық одақ елдері алдағы жеті жылға арналған жаңа бюджетті бекіту жөнінде ортақ келісімге келе алмады, деп хабарлайды 24KZ.

Осылайша, Брюссельде өткен арнайы саммит мерзімінен бұрын аяқталды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. 2028-2034 жылдарға арналған бюджеттің жалпы көлемі 1 трлн 780 млрд еуро. Тараптар осы қаражат пен оны бөлу тәртібіне қатысты келісімге келе алмай отыр. Германия бастаған бірқатар мемлекет шығынды азайтып, ортақ қарыз көлемін ұлғайтпау қажет деп санайды. Ал Франция, Италия, Испания және Польша қаржыландыру көлемін одан әрі қысқартуға қарсы. Керісінше, ауыл шаруашылығын қолдауға және экономикалық осал аймақтарды дамытуға бөлінетін қаражатты сақтап қалуды талап етіп отыр. Келіссөздер 17 желтоқсанда жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыз: