Ауғанстанда терактіден жеті адам қаза болды

Кабулдағы қытай мейрамханасында болған теракт салдарынан кемі жеті адам қаза болды. Тағы 25 адам жарақат алды. 

Алдын ала деректер бойынша, лаңкес мейрамханаға кіріп, қонақтар көп жиналған сәтте жарылғыш зат толтырылған белдігін іске қосқан. Ауғанстан билігі оқиғаға байланысты тергеуді жалғастырып жатыр. Жергілікті полицияның хабарлауынша, қаза тапқандар арасында Қытай Халық Республикасының азаматы бар. Бейжің бұл терактіні қатаң айыптап, азаматтарына Ауғанстанға барудан бас тартуға кеңес берді.