Франция НАТО жаттығуын өткізуді ұсынды

Франция Гренландияда НАТО-ның әскери жаттығуын өткізуді ұсынды.

Бұл туралы француз президентінің кеңсесіне сілтеме жасаған Associated Press агенттігі хабарлаған. Париж ұйымдастыру-өткізу іс-шараларын өз мойнына алуға дайын. Ұсыныс Давостағы дүниежүзілік экономикалық форумға АҚШ президенті Дональд Трамп барар алдында айтылды. Осы жиын барысында Гренландия өзекті тақырыпқа айналуы мүмкін. Ақ үй басшысы Еуропадағы наразылық шараларына қарамастан Гренландияны АҚШ-қа қосып алу туралы бірнеше рет мәлімдеген.