Еуропол ірі есірткі желісін әшкереледі
Еуропол Польшада есірткі заттарын өндіріп, оны бүкіл Еуропаға таратумен айналысқан, жүзге жуық күдіктіні қамауға алды. Қатарынан бірнеше елде жүргізілген ауқымды операция барысында 20-дан астам құпия зертхана жойылып, 9 млн тонна есірткі тәркіленді. Тергеушілер қылмыстық топ химиялық құрам-дас заттарды Қытай мен Үндістаннан тасымалдағанын анықтады. Польша басты логистикалық орталық ретінде таңдап алынған. Еуроодақ былтыр синтетикалық ескірткіні заңсыз өндіру және тарату ісін аймаққа төнген басты қауіп деп таныған.