Пәкістанда қар көшкінінен 20 адам қаза болды

Табиғаттың тосын мінезі Пәкістан мен Ауғанстанды  айналып өтпеді. Екі елдің шекаралас аудандарында жауған қалың қар көшкінге ұласып, 20 адам қаза тапты.

Пәкістанда ақ ұлпа тұрғын үйді басып қалған. Құтқарушылар үйінді астынан тоғыз адамның денесін алып шықты. Күн райының нашарлауына байланысты таудағы демалыс орындарына апаратын жолдар жабылды. Ал Ауғанстанда көшкін салдарынан тағы 11 адам қаза тапты.