АҚШ Канадаға 100% баж салығын енгізуі мүмкін
АҚШ Канададан келетін тауарларға 100 пайыздық баж салығын енгізбек.
Егер Оттава Бейжіңмен сауда келісім жасайтын болса, Дональд Трамп осындай қадамға баратынын мәлімдеді. Ақ үй басшысының айтуынша, Қытай бизнесі канадалық компанияларды нарықтан ығыстырып, Солтүстік Америка өндірушілерінің мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін. Таяуда Канада мен Қытай сауда келісімін жасауға уағдаласқан болатын. Келісім Қытайдың электромобильдеріне салынатын кедендік баж салығын төмендетіп, Канададан импортталатын бірқатар ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты тарифтерді азайтуды көздейді. Осы мәселе бойынша келіссөздер әлі де жалғасып жатыр.