Жапония қар құрсауында қалды

Жапонияның солтүстігі қар құрсауында қалды.

Қолайсыз күн райына байланысты Хоккайдо аралында 50-ден астам әуе рейсі тоқтатылып, 7 мың жолаушы сапарға аттана алмады. Қарлы бораннан теміржол қатынасы да тоқтап тұр. 500-дей пойызға билет алған 130 мың адам сапарын кейінгі қалдыруға мәжбүр. Күншығыс елінің солтүстігінде жауған қардың қалыңдығы бір метрден асады. Ал ең көп зардап шеккен қала Саппоро. Онда кейінгі бір тәулікте жауын-шашын рекордты мөлшерде түсті. Синоптиктердің болжамы бойынша өңірде мұндай күн райы апта соңына дейін жалғасады.