АҚШ-та байланыс ақауы 15 мың әуе рейсіне әсер етті

АҚШ-та үш күн қатарынан мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып, кейінге шегеріліп жатыр. Бұған әуе қозғалысын басқару орталықтарындағы байланыс ақауы себеп, деп хабарлайды 24KZ.

Техникалық ақау 15 мың әуе рейсіне әсер еткен. Reuters агенттігінің мәліметіне сәйкес, жексенбіде ел бойынша 2 мыңға жуық рейс тоқтатылып, 7 700-ден астамы кешіктірілген. Ең көп зардап шеккен әуе компаниялары – JetBlue мен American Airlines. JetBlue жоспарланған рейстерінің 28 пайызын, ал American Airlines 17 пайызын тоқтатқан.

Сондай-ақ оқыңыз: