Қытайда жер сілкінді

Тұрғындар жедел қауіпсіз аймаққа көшіріліп жатыр. Зілзала көрші елдің солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында болған.

Магнитудасы 5,5-ға дейін жетті. Сілкіністің жойқын болғаны сонша үйлердің қабырғасы қақырап, жарылған. Тебо уезінің халқы қауіпсіз жаққа қашып жатыр. Қазіргі кезге дейін 20 мыңнан астам адам аумақтан шығып үлгерген. Қыс ортасында далада қалған жұрт уақытша баспаналарда түнеуге мәжбүр. Жергілікті жерде төтенше жағдай жарияланып келген шығын көлемі есептелуде. Оқиға орнында жүздеген құтқарушы, арнай техникалар жұмыс істеп жатыр.