АҚШ-та бораннан 29 адам көз жұмды

АҚШ бұл жақта Иранмен арпалысып жатқанда, өз жерінде бораннан 29 адам ажал құшты. Қаралы хабарды The Guardian басылымы жеткізген.

Техас штатынан Жаңа Англия штатына дейінгі аумақта күн бұзылды. Массачусетс пен Пенсильванияда қардың қалыңдығы 58 сантиметрге жеткен. Оңтүстік аймақтарда электр желілері үзіліп, 800 мыңнан астам тұрғын жарықсыз отыр. Университеттерде сабақ тоқтады. Кейбір штатта мектептер қашықтан оқып жатыр. Синоптиктер аяз аптаның аяғына дейін созылады деп болжайды.