Қытайда жер сілкінді

Қытайдың солтүстік-батысында 5,5 балдық қуатпен жер сілкінді. Бұл туралы осы елдің Сейсмологиялық желілер орталығы хабарлаған.

Зілзала ошағы Ганьсу провинциясының Ганьнань-Тибет автономды округінде 10 шақырым тереңдікте тіркелді. Билік қауіп-қатердің 4-деңгейін жариялап, 20 мыңнан астам адамды уақытша паналау лагерьлеріне көшірген. Қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат жоқ. Аймаққа жүзден астам құтқарушы, ондаған ауыр техника мен иісшіл иттер жіберілді.