АҚШ Оңтүстік Кореяға салықты көтереді

Дональд Трамп Оңтүстік Корея тауарларына салықты 25 пайызға көтеретін жоспары барын мәлімдеді.

Өйткені Сеул былтыр қол жеткізілген сауда келісімінің шарттарын орындамай отыр. Бұл туралы Ақ үй басшысы Truth Social әлеуметтік желі парақшасында жазған. Тариф қазір 15 пайызды құрайды. Трамптың айтуынша, аталған шешім Сеулдің былтыр қол жеткізілген сауда келісімінің шарттарын орындамай отырғандығымен байланысты. Сондай-ақ Трамп жаңа тарифтер автокөліктерге ғана емес, ағаш өнімдері мен дәрі-дәрмекке те қатысты енгізілетінін айтты. Оңтүстік Корея президентінің әкімшілігі АҚШ тарапынан әзірге ресми хат келген жоқ дейді. Сеул Вашингтонға келіссөз жүргізу үшін өз өкілін жібермек.