АҚШ Қытайға мұнай бойынша шарт қойды
«Қытай Венесуэла мұнайын сатып ала алады, бірақ сатылым нарық талабына сай болуға тиіс». АҚШ осындай шарт қойды.
Талапты мемлекеттік хатшы Марко Рубио Сенаттағы тыңдау кезінде жеткізген. Бейжің бұған дейін Венесуэла мұнайының баррелін жеңілдікпен 20 долларға алып келген еді. Енді барлық шарттар өзгермек. Жалпы АҚШ Венесуэла мұнайын сатуға толық бақылау енгізіп жатыр. Одан түскен қаржы АҚШ билігінің қадағалауымен арнаулы шоттарға аударылып, мемлекет мұқтаждықтарына жұмсалмақ. Рубионың айтуынша, мұнай төмен бағаға саудаланбауы керек. Қытай билігі әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.