АҚШ-та бораннан көз жұмғандар саны 73-ке жетті

АҚШ-та қарлы бораннан опат болған адам саны 73-ке жетті.

Құрбандардың басым бөлігі Арканзас, Теннеси, ОгАйо, Луизиана және Техас штаттарынан тіркелді. Дәрігерлер өлім-жітімге жол апаты мен жүрек талмасы себеп болғанын айтады. Қолайсыз күн райы 200 миллион адамның тұрмысына әсер етті. Елдің оңтүстік-шығысындағы 300 мыңдай тұрғын жарықсыз, сусыз отыр. Бірқатар өңір қалыңдығы 50 сантиметрден асатын қалың қардың құрсауында қалды. Күн райын болжаушылардың дерегіне сүйенсек, мұндай қатал күн райы апта соңына дейін сақталады.