Португалияда дүлей дауыл тұрды

Португалияда дүлей дауыл тұрып, кемі бес адам опат болған. Тағы бірнеше тұрғын құлаған ағаштың астында қалып, ауыр жарақат алды. 

Әсіресе елдің орталығы мен солтүстігі қатты зиян шекті. Ресми мәліметке қарағанда, онда 850 мыңнан астам тұрғын жарықсыз қалған. Апат аймағында желдің екпіні сағатына 150 шақырымға дейін жетті. Қазір Порту қаласы мен Лиссабонды жалғайтын басты автомагистральда қозғалыс тоқтап тұр. Синоптиктердің болжауынша өңірде қолайсыз күн райы апта соңына дейін сақталады.