Аргентинада төтенше жағдай жарияланды

Елдің орталығында орман өрті өршіп барады.

Қатты желдің кесірінен тілсіз жауды тоқтату мүмкін болмай тұр. Әсіресе Ла-Пампа мен Патагония провинцияларындағы ахуал қиын. Аймақта 200 мың гектар орман өртеніп кетті. Қазір Лос-Алерсес ұлттық паркіне қауіп төніп тұр. Ол ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне кіреді. Апат жайлаған аймақта қауіптің сары деңгейі енгізілді.