Кубада төтенше жағдай жарияланды

Бұған АҚШ тарапынан төнген қауіп себеп.

Бұл туралы «Бостандық аралының» сыртқы істер министрі Бруно Родригес Паррилья мәлімдеді. Дипломаттың айтуынша, жарияланған төтенше жағдай режимі елді қорғау жолында шұғыл шаралар қабылдауға және сыртқы қауіп-қатерге тез жауап беруге мүмкіндік тудырмақ. Бұған дейін Трамп өз елінде осындай айрықша режим жариялаған болатын. Ақ үй аталған құжатқа сүйеніп, Кубаға мұнай жеткізетін кез келген елге қосымша импорттық салық енгізе алады.