Трамп: АҚШ-тағы инвестиция көлемі 18 трлн долларға жетті

Дональд Трамп кедендік баж салығын енгізудің нәтижесінде АҚШ экономикасына тартылған инвестиция көлемі кейінгі бір жылда 18 триллион долларға жеткенін мәлімдеді.

The Wall Street Journal басылымында жарияланған мақалада: «Бұл – рекордтық көрсеткіш. Қазіргі уақытта АҚШ аумағында зауыттар мен өнеркәсіптік нысандар жаппай тұрғызылып жатыр, - деді Ақ үй басшысы. Алайда Пойнтер медиа-зерттеу институтының сарапшылары Трамп әкімшілігі рекордтық инвестициялар туралы мәлімдемесіне нақты дәлелдер келтірмегенін айтады. Бұған дейін Ақ үй ірі инвестициялық жобалардың тізімін жариялаған еді, алайда кейінгі есептер бойынша олардың жиынтық бағасы төмен – шамамен 9 триллион доллар көлемінде ғана.