АҚШ-та тұманнан 60-қа жуық көлік соқтығысты

АҚШ-тың Калифорния штатында қалың тұман 60-жуық көліктің апатқа ұшырауына себеп болды. Абырой болғанда көз жұмғандар жоқ.

Бірақ 9 адам жараланды. Үлкен жүк көліктері жеңіл темір тұлпарларды мыжып тастаған. Полиция тас жолдарды біраз уақытқа жабуға мәжбүр болған. Мұның соңы бірнеше шақырымдық кептеліске әкелді. ABC News телеарнасы қалың тұманның кесірінен жүргізушілер 60 метрге дейінгі айналаны көре алмай қалғанын хабарлады.