Аргентинада орман өрті өршіді

Аргентинаның Патагония провинциясында орман өрті өршіп, жағдай бақылаудан шығып барады. 45 мың гектардан астам алқап өртеніп кеткен.

ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне кіретін Лос-Алерсес ұлттық паркіне қауіп төніп тұр. Аргентина билігі 4 өңірде төтенше жағдай жариялады. Мыңдаған тұрғын мен туристер қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт сөндіру жұмыстарына жүздеген маман жұмылдырылған. Алайда өртті ауыздықтау мүмкін болмай тұр. Құтқарушылар жағдайдың одан сайын ушығып кетуі мүмкін деп ескертеді.