Польшада аяздан 54 адам көз жұмды

Польшада аяздан 54 адам қаза болып, 34 тұрғынды үсік шалған.

Тіпті Варшаваны қақ жарып ағып жатқан Висла өзенінің Балтық теңізіне құяр сағасына мұз қатты. Бұл өте сирек жағдай, дейді мамандар. Бірнеше апта бойы күннің минус 30°C-қа дейін төмендеуі осындай жағдайға әкелген. Польшаның Варшава, Лодзь, Познань және Сувалки қалаларында мыңдаған тұрғын жылусыз отыр.