Жапонияда қар салдарынан 30 адам көз жұмды
Жапонияның солтүстігінде қалың қар жауып, салдарынан 30 адам ажал құшты. Тағы жүзден астамы жараланған.
«Рейтердің» хабарлауынша, Аомори префектура қатты зардап шекті. Онда бір күннің ішінде 175 сантиметр ақ ұлпа жауған. Бұл рекордты көрсеткіш. Аймаққа сарбаздар мен мыңдаған техника жіберілді. Премьер-министр Сана-Э Така-Ичи өлім-жітім санын көбейтпес үшін шұғыл қосымша шаралар қабылдауды тапсырған. Көптеген ауданда мектептер жабылып, ішінара қоғамдық көлік тоқтады. Билік тағы қар жауатынын және электр жарығы үзілуі мүмкін екенін ескерткен. Метеорологтар күн әзір ашылмайды деп отыр.