Испанияда балаларды әлеуметтік желіден шектеуі мүмкін
Испанияда 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына шектеу қою мәселесі қарастырылып жатыр.
Бұл жөнінде ел премьер-министрі Педро Санчес хабарлады. Осыған байланысты интернет-платформалар пайдаланушылардың жасын нақты анықтайтын тетіктерді енгізуге міндеттелуі мүмкін. Сондай-ақ балаларға зиян келтіретін контент таратқан тұлғаларға қатысты жауапкершілікті күшейту көзделген. Бұл бастамалар жасөспірімдердің психологиялық және әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын. Жаңа ережелер жақын уақытта министрлер кабинетінің талқылауына ұсынылады.